Путин «Талибанды» экстремистік ұйым тізімінен шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин «Талибанды» экстремистік ұйым тізімінен шығармақ

22.10.2021

Ресей «Талибан» қозғалысын экстремистік ұйымдар тізімінен шығаруды ойластырып жатыр. Мұны президент Владимир Путин Мәскеу мен Ауғанстанның жаңа басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер аяқталған соң мәлімдеді.

Ресей 2003 жылы «Талибанды» «террористік ұйым» деп атаған еді. Бірақ тәліптер тамызда билікті басып алғанға дейін Мәскеу оларды бірнеше рет келіссөздерге шақырды. Және де осы аптаның басында Ресей халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға көмек беруге үндеді.

Айта кетейік, Сочиде өткен Валдай клубының отырысында Кремль басшысы Еуропа одағы «Солтүстік ағын-2» құбырын мақұлдағанда ғана оған газды көбірек экспорттайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Путин Украинаның НАТО-ға өту перспективасы Ресей үшін қауіпті екенін ескертті.

Арыстан Рысбек


Путин Талибан

Хабарламаларға жазылу