«Жамбыл салған даңғыл жол» атты кітап жарыққа шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жамбыл салған даңғыл жол» атты кітап жарыққа шығады

21.10.2021

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын өткізу бойынша мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев бұл мерейтой елдігімізді айшықтап, бірлігімізді көрсететін айтулы оқиға екенін атап өтті. Сондықтан, алдағы жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажет дейді. Бұған дейін жыр алыбы Жамбылға арналған колекциялық монета мен почта маркасы айналымға енген болатын. Ал, жыршы туралы трансляциялар мен құттықтау инфраграфикасы көрерменге жол тартты. Сондай-ақ, ақынның таңдамалы шығармалары шет тілдеріне аударылды. Енді «Жамбыл салған даңғыл жол» атты көптомдық кітап жарыққа шығады.


Хабарламаларға жазылу