Нәзира Байырбектің «Күләш Ахметова» атты кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нәзира Байырбектің «Күләш Ахметова» атты кітабы жарыққа шықты

16.05.2016
 Нәзира Байырбектің «Күләш Ахметова» атты кітабы жарыққа шықты

Жуырда журналист, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Нәзира Байырбектің «Күләш Ахметова» атты кітабы жарыққа шықты. Осыған орай Нәзира Байырбек бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Сондай-ақ, 18 мамырда жазушы оқырмандарымен кездесу өткізбек ниетте.

«Бұл кітап қазаққа көп еңбегі сіңген тұлғалар турасында өздерінің көзі тірісінде жазсам деген мақсаттан туған. Алғаш рет 2012 жылы Нұржамал Үсенбаева туралы жаздым. Екінші кітап – Күләш Ахметоваға арналды. Бір ғана мақтанарлық жайт – бұл кітап 100 пайыз шындықпен жазылды»,-дейді жазушы.

«Биыл 25 сәуір күні Күләш апамыз 70 жасқа толды. Кітаптың шығуы  апамыздың мерейтойымен тұспа-тұс келді. Содан бері бірқатар кітапханаларға таратылып жатыр. Ал, ресми тұсаукесері 18 мамырда Алматыдағы Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасында өтеді».

«Күләш апамыз кітапты жақсы қабылдады. Осы кітап арқылы ол кісінің жадындағы естеліктер бір жаңғырып өтті».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу