Ресейде өткен тәулікте 36300-ден астам адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде өткен тәулікте 36300-ден астам адамнан коронавирус анықталды

21.10.2021

Ресейде өткен тәулікте 36300-ден астам адамнан коронавирус табылды. Және де 1036 тұрғын осы инфекциямен байланысты аурулардан қайтыс болған. Бұл – пандемияның басынан бергі ең жоғары күндік көрсеткіш.

Кремль эпидемиялық ахуалды 1-апталық демалыс жариялап жеңілдетуден үмітті.

Осыған дейін президент Владимир Путин қазанның 30-ы мен қарашаның 7-сі аралығын жұмыс істемейтін күндер деп атап, аймақтардың басшылары бұл режимнің мерзімін ұзарта алатынын мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу