Үш мәрте вакцина алғандар коронавирусты аз жұқтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш мәрте вакцина алғандар коронавирусты аз жұқтырады

24.08.2021

Израильде коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу тиімді екенін көрсетті.  Рейтер агенттігінің мәліметінше, бұл елде қосымша екпе алғандар арасында коронавирус жұқтыру және онымен байланысты өлім-жітім азайған. Айта кетсек, Израиль жақында жасы 40-тан асқандарға вакцинаның үшінші компонентін сала бастады. Бұған қоса, дельта штамы жылдам тарап жатқандықтан, маска тағу қайта міндеттеліп, халық көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынып отыр.

Ресейде соңғы бір тәулікте 18 мың 800-ден астам адамнан коронавирус анықталды. Індетпен күрес жөніндегі шұғыл штабтың бүгінгі дерегіне сай, өткен тәулікте 794 адам қайтыс болған. Мәскеудің өзінде 1 105 тұрғынның ковид жұқтыру дерегі тіркелді. Маусымның басынан бері Ресейде күніне 20 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылып келген еді. Ал, осы аптада бұл көрсеткіш әлдеқайда төмендеді.

Ал, Жапонияда Паралимпиада ойындарына қатысы бар тағы 10 адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында Олимпиада ауылында тұрып жатқан бір Паралимпиада атлеті бар. Жалпы, тамыздың 12-нен бері спорттық ойындарға тіркелген 154 адамнан коронавирус анықталған.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу