Коронавирус пандемиясы 2022 жылға дейін жалғасуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус пандемиясы 2022 жылға дейін жалғасуы мүмкін

21.10.2021

Коронавирус пандемиясы 2022 жылдың айтарлықтай бөлігін қамтуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр.

Бұған кедей елдерде ковидке қарсы вакцинаның жетіспеуі себепші. Халықаралық ұйым дерегінше, әлем елдерінің көбінде тұрғындардың 40 пайызы иммундалған.

Ал Африка құрлығы елдерінде бұл көрсеткіш 5 пайызға да жетпейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы фармацевтикалық компанияларды вирусқа қарсы вакциналарды алдымен кедей мемлекеттерге жеткізуге үндеп отыр.

Арай Төлегенқызы


Коронавирус Коронавирус пандемиясы

Хабарламаларға жазылу