2022 жылы әлем бойынша жұмыссыздар саны 200 млн-нан асуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2022 жылы әлем бойынша жұмыссыздар саны 200 млн-нан асуы мүмкін

03.06.2021

Келер жылы әлем бойынша жұмыссыздар саны 200 миллионнан асуы мүмкін. Халықаралық еңбек ұйымы бұған коронавирус пандемиясы әсер етеді дейді. Әрі кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретіндер 100 миллионнан асады деген болжам және бар. Сарапшылардың айтуынша жағдай тек екінші жартыжылдықта қалпына келе бастайды. Ал еліміздегі жұмыссыздар саны 451 мың адам. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 2 пайызға көп. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу