Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

18.10.2021

Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты. Тағы 6 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Жетісай-Шардара автожолында болды. Екі жеңіл көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушы тіл тартпай кетті. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті. Оқыс оқиға түн ортасында болған. Тәртіп сақшылары Қабанбай батыр көшесінде қарама-қарсы бағыттағы жолақта келе жатқан Hyundai автокөлігін тоқтатқан. Алайда 59 жастағы тұрғын тәртіпке бағынбай, ізін суытпақ болған. Артынша экологиялық постта тұрған полиция аға лейтенанты Мейіржан Бисембаевты үлкен жылдамдықпен келіп, қағып кеткен. Екі аяғы сынып, бас сүйегі зақымданған полицей ауруханаға жатқызылды. Ал мас жүргізуші ұсталды.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу