Елімізде астық былтырғыдан аз жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде астық былтырғыдан аз жиналды

18.10.2021

Биыл елімізде астық былтырғыдан аз жиналды. Өткен жылы өнімділік гектарынан 13 центнер болса, биыл 10 центнерге дейін төмендеді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деді. Бұл Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында нан бағасының қымбаттауына әкеп соққан. Министрдің сөзінше, әлеуметтік нан бағасын тұрақты ұстап тұру үшін кәсіпорындарды астықпен қамтамасыз ету жоспарланған. Жалпы, Қазақстан 6-6,5 миллион тонна астықты экспортқа жөнелтуге әзірлеп қойған. Ербол Қарашөкеев көптеген азық-түлік түрлерінің бағасы өседі деген болжам айтты.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Биыл өнімділік төмен болды. Қостанай мен оңтүстік облыстарда түсім тіпті төмен. Сәйкесінше, фермерлердің шығыны шаш етектен. Астық бағасының өсуі біздің фермерлердің, астық егетін кәсіпорындардың қаржылық жағдайына оң әсер етеді. Олар келесі жылы көктемгі дала жұмыстарын табысты жүргізу үшін бағаның өскені жақсы.


астық Батыс Қазақстан Павлодар нан бағасы нан

Хабарламаларға жазылу