Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Президент өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысады. Ел қамбасына құйылатын астықтың 30 пайызы осы өңірде өсіріледі. Биыл егіннің көлемі былтырғыдан көп. 4 млн 300 мың гектар алқаптан асты. Облыста астық жинау жарты айға ерте басталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы индустриалды кәсіпорындарды аралайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/144956/)