Биыл елімізде 20 млн. тоннадан астам астық жинау көзделген - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде 20 млн. тоннадан астам астық жинау көзделген - Н.Назарбаев

14.09.2016
Биыл елімізде 20 млн. тоннадан астам астық жинау көзделген - Н.Назарбаев

Биыл елімізде 20 миллион тоннадан астам астық жинау көзделген. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында атап өтті.

«Биылғы жылы астықтың шығымы өте жақсы. Қазіргі кезде егін орағы қызу қолға алынған. Соңғы деректер бойынша, елімізде қазірдің өзінде 14 миллион тоннадан астам астық қамбаға құйылды немесе барлық егіс алқабының 65  пайызы жиналды. 

Негізгі аграрлы аймақтар Ақмола, Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстарының əрбіреуі шамамен 5,5 миллион тонна астық алуды межелеп отыр. Жалпы, биыл елімізде 20 миллион тоннадан астам астық жинау көзделген», - деді  Н. Назарбаев.

Сонымен қатар,  Мемлекет басшысы жақында ғана Қытай еліне жасаған сапары барысында аталмыш елге астық экспорттау мәселесі де оң шешімін  тапқанын атап өтті. 

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу