Қарағандыда 95 жастағы қария 93 жастағы жұбайымен бірге «Спутник-V» вакцинасын алды. Қария оба, шешек, сүзек, безгек сынды қауіпті аурулар кең тараған уақыт болды, індет кезінде тәртіпке бағыну басты мәселе дейді.
Осы жасқа келгенше ауру дегенді білмеген ақсақал денсаулығына ешқашан немқұрайлы қарамапты. Өзі көп жыл көмір өндірісінде еңбек еткен.
Жалпы Қарағанды облысы бойынша бүгінгі күнге дейін 485 мыңға жуық адам вакцина салдырған. Өңір қазір "сары" аймақта.
Василий Лукошин, тыл ардагері:
Вакцина алғандар індет жұқтырса да, жеңіл түрде ауырады. Сондықтан алдын-ала сақтану жөн деп шештік. Бұған дейін дәрігерлердің де кеңесін тыңдадық, ақпараттармен таныстық. Үйден көп шыға бермейміз ғой. Дегенмен арасында қоғамдық орындарға барамыз. Өзіңді ғана емес, өзгелерді де ойлап, жауапкершілікті сезіну керек. Жұбайым екеуміз осылай ойлаймыз.