ШҚО-да төтенше жағдайлар қызметкерлері 91 жастағы ардагерді ерекше тәсілмен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да төтенше жағдайлар қызметкерлері 91 жастағы ардагерді ерекше тәсілмен құттықтады

08.05.2019

Өскемендегі еңбек ұжымдары соғыс және тыл ардагерлерін құттықтауды жалғастырып жатыр. Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 91 жастағы Мария Аникинаға ерекше тәсілмен гүл сыйлады. Өрт сөндіру қызметінің құрметті ардагеріне әріптестері гүлді 4-қабатқа арнайы техникамен көтеріп жеткізді.

Соғыс кезінде небәрі 15 жаста болған Мария Аникина - балық консерві зауытында жұмыс істеп, жеңіске еңбегімен үлес қосқан жандардың бірі. Соғыс аяқталған соң ұзақ жылдар бойы өрт сөндіру қызметі саласында жұмыс істеген. Мереке қарсаңында құрмет пен қошеметке бөленген тыл ардагері бұрынғы әріптестеріне алғысын айтты.

Биыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті барлығы 16 тыл және 1 соғыс ардагерін құттықтады.

Мария Аникина, тыл ардагері:

- Бізге әрдайым көңіл бөледі. Мереке сайын құттықтап, жеке құраммен кездесулерге шақырып тұрады.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу