Ауғанстандағы «Талибан» билігі базарлардағы коррупцияны жойған. Мұны Кабул халқы айтып отыр. Олардың сөзінше, тамызда басшылық өзгергелі саудагерлер үкімет өкілдеріне бұрынғыдай заңсыз ақша төлемейтін болған. «Осыған дейін шенеуніктер адам басынан бір долларға жуық алатын. Қазір ондай төлемдер тоқтатылды», - дейді 12 адамдық отбасының иесі Хаджи Сефатулла.
Өзге бір тұрғындардың айтуынша, тәліптер билікке келгелі елде қауіпсіздік күшейіп, ұрлық жоғалып кеткен. Дегенмен кейінгі апталарда «ДАИШ» террористік тобының жарылыстар жасап, жүздеген адамды мерт қылуы «Талибанның» Ауғанстанда бейбіт қоғам орнату жоспарына үлкен кедергі келтіріп отыр.