«Талибан» ел аумағының 85 пайызын басып алғанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» ел аумағының 85 пайызын басып алғанын мәлімдеді

09.07.2021

«Талибан» қозғалысы Ауғанстан территориясының 85 пайызын басып алған. Дегенмен, бұл ұйым елді өзге мемлекеттерге шабуыл жасайтын платформаға айналдыруға жол бермейді. Мұны тәліптер делегациясы бүгін Мәскеуге сапарында мәлімдеді.

Ал, Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарованың сөзінше, тәліптер тәжік-ауған шекарасының үштен екі бөлігіне жуығын бақылауға алған. Сонымен қатар, ресми өкіл Ауғанстанның солтүстігіндегі жағдайдың шиеленісіп тұрғанын да атап өтті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу