Тәліптер Пәкістанмен шекарадағы маңызды пунктті басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәліптер Пәкістанмен шекарадағы маңызды пунктті басып алды

14.07.2021

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы сауда үшін маңызды пунктті тәліптер басып алды. Әскерилердің мәліметінше, радикалды қозғалыс бақылауына өткен жер Спин-Болдак округінде орналасқан. Бұл ақпаратты Пәкістанның қауіпсіздік күштерінің атын атамауды сұраған қызметкері растады. Ал, Ауғанстанның қорғаныс министрлігі оның рас-өтірігін анықтап жатыр.

Айта кетері, Ауғанстанда қазір үкіметтік күштер мен тәліптер арасында қарулы қақтығыс жүріп жатыр. Соңғы деректерге сай, ел аумағының 85 пайызы "Талибан" қозғалысының бақылауына өтті. Тәліптер АҚШ пен НАТО контингенті елден кетіп жатқан уақытта шабуылды үдете түскен. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу