Елімізде 190 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 190 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдыққан

15.10.2021

Елімізде жыл сайын 2,5 мың адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдығады. Ал қазір 190 мың адам есепте тұр. Бұл - Қазақстан онкологиялық және радиологиялық институының ресми дерегі. Ал дәрігерге тексерілмей науқастанып жүргендер бұдан да көп болуы мүмкін. Өзекті мәселе Түркістанда өткен онкологтар мен радиологтардың халықаралық Cъезінде талқыланды. Онлайн режимде өткен басқосуда қатерлік ісіктің алдын алу жолдарына баса мән берілді. Себебі, науқастардың көбі ауру әбден асқынғанда ғана дәрігер көмегіне жүгінеді, дейді мамандар. Ал ол кезде ісікті жеңу өте қиын. Жиында науқастарға нәтижелі ем жүргізу үшін түрлі әдістемелер ұсынылып, арнайы көрмеде заманауи құрал-жабдықтар таныстырылды.

Мұрат Қайбаров, Алматы онкология және радиология институтының бас, мойын ісіктері бөлімшесінің меңгерушісі:

Қандай симптомдары болады, қалай диагностика жасау керек. Ең бірінші мәселе, ол адамдарға жеткізу. Қалай өз өздерін тексеру дейді. Сол мәселемен біз жиналып отырмыз. Осы проблемаларды көтерейік, осы проблемаларды орнынан қозғатайық деп.


Хабарламаларға жазылу