Елімізде сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар көбейіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар көбейіп кеткен

28.10.2019

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі көбейіп барады. Алматыда Бүкіләлемдік сүт безінің қатерлі ісігімен күрес күніне орай басталған тегін тексеру апталығында маммологтар осыны айтты. 

«Сондықтан бұл дерт туралы халыққа кеңінен ақпарат жеткізіп, әр адам өз денсаулығына жауапты екендіктерін ұғындырсақ», - дейді дәрігерлер. Өйткені сүт безі – әйелдерде ең кең тараған онкологиялық ауру. Мәселен, кейінгі жылдарда елімізде 4000 мыңнан астам әйел осы қатерлі ісікке шалдыққан. Қазір 30 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Мамандардың есебінше, ауруын асқындырып, дер кезінде емделмеген 2500 адам қайтыс болған.

Шынар Талаева, маммолог-дәрігер: 

Осы шараны халық үшін, әйел қауымы үшін өткізіп жатырмыз. Өйткені неғұрлым ерте табылса, дер кезінде емдеп жазуға болады.

Алмат Әбдіраман

Хабарламаларға жазылу