Ұлы Абайды, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовті, Алаш қайраткерлерін зерттеуші Тұрсын Жұртбай 70 жаста. Мерейлі дата қарсаңында Елордада «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға қатысқан Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Тұрсын Жұртбайдың жазушылық, шығармашылық жолына тоқталып, оның ғалым ретінде атқарған ауқымды жұмысын атап өтті. Мемлекеттік хатшы ғалымның екі томдық «Дулыға» тарихи-танымдық кітабының берер тағылымы мол екенін, «Бейуақ», «Бесігіңді түзе!..», «Талқы», «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Құнанбай», «Сүре сөз» еңбектерінің ғылыми құндылығы аса жоғары деп баға берді. Ал «Ұраным – Алаш!..» атты үш томдық зерделі зерттеуінің шығуы рухани дүниемізге үлкен серпіліс әкелді. Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.
Жандос Әубәкір, «Абай» академиясының директоры:Тұрсын ағамыздың шығармашылығы жан-жақты. Әсіресе, Абайтану, Мұхтартанудағы, жалпы Шәкәрімтанудағы еңбегі ұшан-теңіз.