Тұрсын Жұртбай: Қазір ұлттың ішінде саналық қозғалыс жүріп жатыр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрсын Жұртбай: Қазір ұлттың ішінде саналық қозғалыс жүріп жатыр (ВИДЕО)

23.04.2017

«Бүгін жексенбіде»  жазушы, филология ғылымдарының докторы, алаштанушы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай қос бірдей немересімен қонақта болды.

Жазушы бүкіл қазақстандық оқырмандарды бүгінгі мерекемен құттықтап, кітап болашақтың кепілі екендігін атап өтті.  

«Қазір бұл күндері Астана және Алматы  қалаларында менің білуімше, бүкіл қазақстандық кітапханаларда кітап күндері өткізілді. Тіпті, Елбасы сөзінен кейін шетелдің үздік мұраларын қазақ тіліне аудару керек. Сонда қай салада қандай  кітап аударылғаны дұрыс?  Біздің ұлттық санамызға қайсы әсер етеді. Осы мәселелер 3-4 күннен бергі кітап күніне қарсы өткізіліп жатқан шараларда айтылып жатыр. Демек, ұлт ояу. Оның кітапқа деген көзқарасы, ықыласы  дұрыс. Қазір ұлттың ішінде саналық қозғалыс жүріп жатыр», - дейді жазушы.

Сонымен қатар, алаштанушы ғалым еліміздегі кітап оқу мәдениетіне де тоқталды.

Хабарламаларға жазылу