Семейде композитор Тұрсынғазы Рахимовтың тас мүсіні тұғырына қонбай тұр
Семейде белгілі композитор -Тұрсынғазы Рахимовтың тас мүсіні тұғырына қонбай, үш жылдан бері шаң басып тұр. «Сәби болғым келеді», «Отыздан асып барамын», «Қазағым-ай» сынды 100 ден астам әннің авторына арнап жасалған мүсінге оның жан досы-Адай Азаматов тапсырыс берген. Алайда, жергілікті әкімшілік, таланттың ескерткішін қоятын алақандай жер таппады-деп налиды. Ал тура бір жыл бұрын осы мәселені тілшілеріміз сұрағанда мәдениет бөлімінің бастығы жақын арада орнатылады-деп уәде берген еді. 16 қазан күні композитордың 70 жылдық мерейтойы екенін ескерсек, ақынға құрметті өз деңгейінде көрсете алмайтын болдық дейді ақынның жанашырлары.
Адай Азаматов, мәдениет қайраткері:Сол 19 жылдан бері қаллақы мәдениет сарайының ауласында тұрды. Неше мәрте қоямыз-дедік. Қалалық мәдениет бөлімінің бастығы, біз деген Тұрсынғазыға керемет қылып қоладана бюст қоямыз. Былтыр қарашада қоямыз деген ескерткіштері, әлі күнге дейін жоқ. Не оны қойған жоқ. Не мынаны қойған жоқ.
Назерке Аққожина, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:Жеке тұлғалардың өз инициативасымен жасалған дүние. Оны біз осы күні, осы жерге орнатамыз-деп, уәде берген жоқ болатынбыз. Сондықтан, ол ескерткіш қайда, қандай жағдайда екенін сол иесінен, авторынан сұрасаңыз болады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan және Qazsport: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06