Табиғи апаттан 9 адам қаза тапқан. Ал, 11 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Архипелагта су тасқыны мен сел жүріп, 1600 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Айта кету керек, 7600 аралдан құралған Филиппинге жыл сайын 20 шақты тайфун мен шторм соққы беріп, олардың соңы тасқын мен лай көшкініне ұласып тұрады.