Фиджи аралдарына күшті циклон соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фиджи аралдарына күшті циклон соққы берді

10.04.2018

Фиджи аралдарына бір аптада екінші жойқын циклон соққы берді. Нөсер араласқан желден жолдарды су басқан. Билік тұрғындарға қажетті заттарын дайындап, қауіпсіз жерге көшуге дайын отыруды ескертті. Кешке дейін желдің жылдамдығы сағатына 170 шақырымға жетеді деп күтіліп отыр.

Ал, аралдың бір бөлігі осыған дейін соққы берген «Джози» циклоны салдарынан айыға қойған жоқ. Сол табиғи апаттан 6 адамның өмірі қиылды. Кейбір жолдар әлі де жабық тұр. Ал, эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу