Мәскеуде коронавирусты 15 минутта анықтайтын экспресс-тестілеу орталықтары ашылды. Пилоттық жоба ретінде шілдеден бастап сынақ жүргізіліп, экспресс-тестің қорытындысы ПТР нәтижесімен сәйкес келетіні дәлелденді. 20-дан астам орталық "Менің құжаттарым" мекемелері мен сауда орындарында орналасқан. Өзінің диагнозын білгісі келетін шетелдіктер де бұл орталықтарға тегін жүгіне алады. Соңғы аптада Ресейде күн сайын 30 мыңға жуық адам індет жұқтыруда, мамандар төртінші толқын 10 аптаға дейін жалғасатынын айтады.