Тағы екі зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тағы екі зертхана ашылды

04.08.2020

Қостанай облысында COVID-19 инфекциясын анықтайтын тағы екі зертхана іске қосылды. Бұған дейін аймақта осы бағытта жұмыс істейтін 5 зертхана болған еді. Олардың қуаты тәулігіне 1800-ге дейін адамнан сынама алып сараптама жүргізуге жететін. Енді аймақтағы коронавирусты анықтайтын зертханалар саны жетеуге жетті. Соған сәйкес жұмыс ауқымы да артып, тәулігіне 2 жарым мыңға дейін сараптама жасауға мүмкіндік туып отыр. Жаңа зертханалардың бірі Қостанай ауданына қарасты Заречный кентінде, екіншісі Қарабалық ауданының орталығынан ашылды.  

Хабарламаларға жазылу