Мекеме қызметкерлерінде вакцинация паспортының бар-жоғы тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мекеме қызметкерлерінде вакцинация паспортының бар-жоғы тексеріледі

11.10.2021

Мекеме қызметкерлерінде вакцинация паспортының бар-жоғы тексеріледі. Дәрігердің екпеден босатқан немесе соңғы 3 айда коронавируспен ауырғаны туралы анықтамасы, соңғы 7 күнде жасатқан ПТР тест нәтижесі бар адамдар жұмыс орнында вакцинасыз болуға құқылы. Қазір Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығына өзгерістер еңгізілуде. Мониторинг топтары жұмысшы саны 50-ден асатын және ұжымның 60 пайызы вакцина салдыртпаған кәсіпорындарды тексермек. Ондай мекемелердің тізімін жергілікті атқарушы билік жасайды. Вакцина алмаған тұрғындарды тексеру алгоритмі 7-ші қыркүйек күні ведомствоаралық комиссияның отырысында бекітлген.

Әйгерім Садубаева ,ҚР ДСМ санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы: 
Құқықтық негіз болу үшін нормативтік-құқықтық актіге, яғни санитариялық ережеге өзгерістер енгізілген. Олар осы жылғы қазан айының 17-де күшіне енеді. Мониторинг топтарының тексеруі әрбір облыстағы вакцинация жағдайына байланысты өтеді.

Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлігінің бірлескен бұйрығының жаңа жобасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Үкіметтік емес ұйымдарға жіберілген. Қоғамдық талқылау 20-шы қазанда аяқталады. Кәсіпкерлер пататасының мәліметі бойынша, бүгінде екпе алмаған қызметкерді жұмыстан шеттетудің құқықтық негізі белгісіз.

Ербол Өстеміров, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: 

Жұмыс берушілер өздерінің вакцина салмаған, ПТР тест нәтижесін алып келмеген жұмысшыларын заңды түрде жұмыстан шеттетуге құқықтары бар ма, жоқпа деген сұраққа жауап алу үшін Еңбек министрілігі мен Бас прокрутураға хат жаздық.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу