Елімізде вакцинация паспортының дизайны өзгерді. Электрондық құжаттың жаңа нұсқасына екпе алған азаматтың туған күні, төлқұжат нөмірі, QR-код сияқты жаңа деректер қосылды. Код арқылы құжаттың заңдылығын тексеруге болады. Сонымен қатар, дербес деректердің қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құжат бұрын 3 беттен тұрса, енді 1 бетке мәлімет 3 тілде жазылады.
Бейбіт Есенбаев, ҚР ДСМ электронды денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры:
QR-кодты сканерлеу арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің мемелкеттік ақпараттық ресурсына кіруге болады. Осы арқылы құжаттың қолдан жасалғандығы тексеріледі. Жүйе ақпарттық қауіпсіздік бойынша тексеруден өткен.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вакцинация паспортының дизайны өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/142904/)