Еуропа одағы мен Ұлыбританияда энергия бағасы қымбаттап барады. Екеуінде де газ қоры 76 пайызға дейін кеміген. Ал, былтыр қыс қарсаңында аймақ елдеріндегі көгілдір отын қоймасы 90 пайызға толық еді. Болжамдарға қарағанда электр мен газ тапшылығына пандемиядан әлем экономикасының оңала басталуы мен энергияға сұраныстың күр артуы себепші. Ал, қолдағы қорды суық маусымға сақтау үшін Еуропа мемлекеттерінің үкіметтері отын құнын көтеруге мәжбүр.