Көкшетауда бірнеше шағын ауданда жылу мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда бірнеше шағын ауданда жылу мардымсыз

07.10.2021

Көкшетауда бірнеше шағын ауданда екі аптадан бері жылу жоқ. Тұрғындар шағымын қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазып жатыр. Ал "Көкше-Жылу" мекемесі қалаға тегіс жылу бердік деп отыр. Шаһардағы Жайлау, Центральный, Васильковский, Сарыарка шағын аудандарындағы кей көпқабатты үйлерде жылу мардымсыз. Пәтерді тоқ пешпен жылытып отырмыз, - дейді тұрғындар.

Алтынай Шәмішова, қала тұрғыны:
Жылу бергеннен бері, міне, жылу жоқ. КСК-ға айтсақ, оборот жоқ дейді. Залымызда болса, кухнямызда жоқ, кухнямызда болса, спалныйымызда жоқ. Ауырып жатырмыз, міне, аптекадан шықтым жаңа. Үйіміз, семьямызбен ауырып жатырмыз. Масқара. Әлі күнге дейін, міне, 23-інен берді дейді ме, 23-інен бері тепло жоқ үйлерімізде.

Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, қалаға толық жылу берілді. Жөнделіп біткен қосымша желі де іске қосылған. Енді тек пәтер иелері кооперативтері үйдегі желілерді реттеуі қажет, - дейді мекеме қызметкерлері.

Данияр Әкібаев, "Көкшетау жылу" мекемесінің бас инженері:
700 миллиметрлік құбырларды ауыстырдық. Соған байланысты қажетті қысым болмады. 5-інші қазанда барлығы қосылды. Жылу бар. Егер үй суық болса, тұрғындар бізге хабарлассын. Барып жағдайды қараймыз. Ешкім назардан тыс қалмайды.

 Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу