«Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы аяқталды

06.10.2021

«Атамекен» ақпараттық танымдық экспедициясы аяқталды. Бұл шара 1 ай бұрын «Егемен Қазақстан» және «Казахстанкая правда» газеті ұжымдарының бастамасымен ұйымдастырылған еді. Оған қатысушылар мен зиялы қауым өкілдері Алматыда баспасөз маслихатын өткізіп, іс-шараны қорытындылады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған сапар барысында өңірлердегі тарихи орындар қамтылды. Экспедицияның нәтижелі өтуіне негізгі топтан бөлек, әр облыстағы белсенділер де атсалысқан. Олар көрнекті мекендерді аралап шығудан бөлек, назардан тыс қалып қойған проблемаларды да көтерді. Ал акцияның барысы бұған дейін әр апта сайын баспасөз бетінде жарияланып отырды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу