Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Мұражай түні» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Мұражай түні» өтеді

18.05.2015
Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Мұражай түні» өтеді

Бүгін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Халықаралық мұражайлар күні аталып өтіледі. Шара ЮНЕСКО ұсынған «Мұражай және қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбында ұйымдастырылады.

Басқосу аясында танымдық және ойын-сауық шаралары өткізіліп, келушілерге Астана қаласы сол жағалауының жаңартылған макеттері, сондай-ақ жұлдыздардың қатысуымен концерт ұсынылады.

Сонымен қатар, этно-мемориалдық кешен әлемнің көптеген мұражайлары секілді «Мұражай түні» акциясына да қатысады. 18 мамыр күні тәулік бойы мұражай есігі келушілер үшін ашық.

Хабарламаларға жазылу