Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте мектеп оқушылары уланып қалды

06.10.2021

Шымкентте мектеп оқушысы көзден жас ағызатын газді дәлізде шашып, бірнеше бала мен ұстаздар уланып қалды. Үш адам жүрек айнып, бас айналу диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Шымкенттегі N 55 мектеп әкімшілігі бұл жағдай оқу барысына әсер еткен жоқ, - деп мәлімдеді. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы келген. Олар өзін жайсыз сезінген оқушылар мен мұғалімге көмек көрсетті. Қазір барлығы үйіне жіберілген. Денсаулығына еш қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Ал газ баллонын жеткіншекетің әкесі қорғаныс үшін алып бергені мәлім болды. Енді қыздың ата -анасы құқық қорғау орындарына түсінік беретін болады. 

Хабарламаларға жазылу