Шымкентте дезинфекция салдарынан бір отбасы уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте дезинфекция салдарынан бір отбасы уланып қалды

25.01.2022

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйде жүргізілген дезинфекциядан кейін бір отбасы уланып қалды. Пәтердегі қандаланы жою үшін дәрі шашқызған көршісінің әрекетінен соң олар ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтады. Қазір бұл оқиғаның мән-жайын полиция мен санитарлық мамандар анықтап жатар. Олар дезинфекциялау жұмысын қай мекеме жасағанын және жәндіктерге нендей дәрі шашқанын анықтауда.

Тап осындай оқиға Шымкентте осыдан 2 жыл бұрын болған. Ол кезде дезинфекциялау жұмысынан соң бір отбасының 3 бірдей баласы уланып, көз жұмған еді. Залалсыздандыру жұмыстарының дұрыс жүргізілмегені дәлелденіп, кінәлілер жазаға тартылған болатын.  

Тамара Влдабергенова, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Санитарлық эпидемиологиялық басқармасының бас маманы:

Дәл қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Көршісінің номерін алдық. Қандай мекемемен, қандай құралмен жасағанын анықтау үстіндеміз. Зертханалық аспаптық зерттеу жүргізуге лаборатория шақыртып қойдық. Нәтижесін күтеміз.


Хабарламаларға жазылу