Шымкентте зақымдалған газ құбыры жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте зақымдалған газ құбыры жөнделді

01.10.2021

Шымкентте зақымдалған газ құбыры түс ауа жөнделді. Естерңізге сала кетейік, кеше түнде жер қазып жатқан эксковатор құбырды зақымдап, 6 жарым мың абонентті көгілдір отынсыз қалдырған болатын. Өңірдегі тілшіміз Ғани Қалмаханов скайппен байланысқа шықты. 

Ғани Қалмаханов, тілші: 
Оқиға кеше түнде болған. Ауыр техника жер қазуға арналған шөміштің тісімен диаметрі 315 мм болатын полиэтилен құбырды тесіп жіберген. Салдарынан шаһардағы «Азат», «Ақниет» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен сол төңіректе орналасқан 35 комуналдық мекеме, 6 өндіріс ошағына көгілдір отын беру тоқтатылды. Қазір апат орнында авариялық құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал құбырды зақымдаған эксковатор жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция оны іздеуге кірісті.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу