ШҚО-да ауыл тұрғындары ғаламтордың игілігін көріп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ауыл тұрғындары ғаламтордың игілігін көріп отыр

30.09.2021

«Қазақтелеком» компаниясы ауылдарды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтып жатыр. 2018 -2020 жылдары еліміздегі 830 дан астам елдімекенге ғаламтор тартылған. «Ауылға оптикалық талшық» жобасы аясында тіпті ұялы байланыс болмаған жерлердің өзіне желі жеткізілген.

3 сыныпта оқитын Диляра ауылына интернет тартылғанына шексіз риза. Мектеп болмағандықтан көрші ауылға барып оқиды. Ал онлайн оқу кезінде сабаққа қатыса алмай тіптен қиналған. Өткен жылы іске қосылған WI Fi радиожелі мәселені реттеді.

Диляра Құрманғалиева,   оқушы:
Сыныптастарыммен, мұғаліммен хабарласқанға жақсы болды. Сабаққа керектіні іздеп табамын. Бұрын ғаламтор болмағанда оқуға кедергі болды.

Шаруа қожалығының басшысы Талғат Баймұрынов та Мұздыбай ауылында ғаламтор пайда болғалы игілін көріп отырмыз-деп риза. Бұрын әр құжат үшін қалаға сабылатын күндер артта қалған.

Марат Әбділдәбеков, «Қазақтелеком» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары:
12-20 мегабит жоғары жылдамдықта жұмыс істеп тұр. Компаниямыз еліміздегі көптеген ауылдарға осындай мүмкіндік беріп отыр. Біздің басты бағыттармыздың бірі, ауылды жерлерді ғаламтормен қамту болып қала береді.

2020 жылы тек Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарда 300 мемлекеттік мекеме мен 96 мектепке жоғары жылдамдықтағы интернет тартылған. «Қазақтелеком» компаниясы оптикалық талшық жүргізу тиімсіз ауылдарға WI Fi радиокөпір сигналдары арқылы желі тартуды жалғастыра бермек.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу