Интернеті жоқ жүздеген ауыл оқушыларын онлайн оқыту оңай болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернеті жоқ жүздеген ауыл оқушыларын онлайн оқыту оңай болмай тұр

31.03.2020

Онлайн оқыту оңай болайын деп тұрған жоқ. Өйткені, еліміздегі жүздеген ауылда интернет жоқ. Бар болғанның өзінде, жылдамдығы төмен. Қашықтан оқыту мәселесі, тіпті облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендерде де өзекті проблемаға айналды. Ауыл жұрты тығырықтан шығар жол іздеп, баланы қалай оқытамыз деп әлек.

Балаларды онлайн оқытатын болып шешілгелі бері ауыл жұрты жаппай ұялы байланыс сигналын күшейтетін антена орнатуға көшкен. Сатып алу мен орнату 60-70 мың теңге көлемінде. Алайда, жарнамасы жер жаратын құрылғы да мәселені шеше қояр емес.

Интернеттің жоқтығынан онлайн оқыту ойдағыдай болмайын деп тұр. Бұл проблема еліміздегі жүздеген елді мекенге ортақ. Шалғайда жатқан ауылдарды айтпағанда, қаланың іргесіндегі елді мекендер ғаламтордың игілігін көре алмай отыр.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу