Тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы Алматы облысының Жамбыл ауданында тіркелді. Нива автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Бішкек тас жолының 44 шақырымында алдымен жүк көлігіне соғылып, жарық бағанасын құлатқан. Сосын қарсы бағытқа шығып кетіп, тағы екі жеңіл көлікпен соқтығысқан. 47 жастағы азамат оқиға орнында қайтыс болды. Екі адам жарақат алды. Қылмыстық іс қозғалды.
Қуаныш Қанатұлы