Алматы облысы: Жол апатынан 4 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы: Жол апатынан 4 адам қайтыс болды

10.06.2014
Алматы облысы: Жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, 18 адам жараланды.

9 маусымда «Алматы-Өскемен» тас жолында Алматыдан Талдықорғанға кетіп бара жатқан Mercedes Benz Sprinter шағын автобусы қарсы бағытта келе жатқан Toyota Granvia жеңіл көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды «Азаттық», Алматы облыстық Ішкі істер департаменті Жол патруль полициясына сілтеме жасап.
Жол апатына Toyota Granvia көлігінің қарсы бағытқа шығып кетуі себеп болған.

Апат салдырынан Toyota Granvia көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және шағын автобустың бір жолаушысы қаза тапқан. Шағын автобуста болған 18 адам Іле ауданының ауруханасына жеткізілген.

Хабарламаларға жазылу