Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

27.09.2021

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы өз иелерін тапты. Ол халықтың қамын күйттеп, өз қабілетін сарқа пайдаланған азамат. Биылғы бәйгеде әлеуметтік тақырыптарға басымдық берілгені де сондықтан. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жеңімпаздарға марапаттарын табыс етті. Биыл 2-ші рет өткізілген бәйгеге 100-ден аса материал түскен. Бірінші орын марқұм журналистің өзі басшылық еткен «Жетісу» арнасының тілшісі Сәния Байтароваға бұйырды. Ол күйеуі ізім-ғайым жоғалған әйелдің өміріне қатысты репортаж жасаған. Сондай-ақ Ақтөбе телеарнасының редакторы Ерлан Мұқанов және «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Индира Бектенова да жүлделі болды.

Қайнар Олжай, Қазылар алқасының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Бұл конкурстың мақсаты отандық тележурналистиканы одан әрі дамыту, отандық тележурналистикаға серпін беру. Сол үшін министрліктің тағайындалған сыйлығы өте орынды деп ойлаймын.  Бейсен аз ғұмырында өте үлкен белсенділік көрсеткен. Қоғамдық кез келген нәрсе оның назарынан тыс қалмаған. Барлығыңызда Бейсендей белсенді болыңыздар дейміз.

Сәния Байтарова, «Жетісу» телеарнасының тілшісі:

Артындағы ізбасарымыз ғой. Сондықтан ағаның беріп кеткен ақ туын жықпай, биік деңгейде ұстау. Ағаның негізгі міндеті алға қойған ол әлеуметке көмектесу болатын. Бізде сол атақ-даңқ қумай бірінші кезекте сол халықтың жағдайын ойлаймыз.

Хабарламаларға жазылу