Бейсен Құранбек атындағы жүлде иегерлері белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсен Құранбек атындағы жүлде иегерлері белгілі болды

26.06.2020

БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында «Жігердің» жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі иелерін тапты.

Еңбегімен ерекшеленген бірқатар журналист бүгін «Ақпарат саласының үздігі» атанды. Арасында ұлттық арнаның анонс бөлімінің жетекшісі Мақпал Үкенова да бар.

Журналистердің жігерін жанитын тағы бір марапат қосылды биыл. Оның орны бөлек. Салмағы де ауыр. Себебі, қазақ журналистикасының ақтаңгері Бейсен Құранбек атындағы жүлде. «Жігер» сыйлығының алғашқы иегерлері марапатталды.

Отандық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген жалпы 55 қызметкер төсбелгі тақты. Осы күні Журналистерге арналған жаңа ән таныстырылды.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу