Жаңа телехикаялар идеясының талқылауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа телехикаялар идеясының талқылауы өтті

27.09.2021

Бүгін ASTANA MEDIA WEEK аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясында жаңа телехикаялар идеясының талқылауы өтті.

Көркемдік кеңес мүшелері отандық нарықта сериал өндіруші продакшн компания өкілдерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады. Телеиндустрия саласының мамандары қандай жанрлық бағытта сериал түсіргісі келетіндерін айтып, жобаларының қысқаша мазмұнын таныстырды. Биыл телерадиокорпорация 16 отандық телехикая түсірді. Оның ішінде 34 бөлімнен тұратын 6 тарихи сериал бар. Жыл соңына дейін Ахмет Байтұрсынұлы, Жәңгір хан, Домалақ ана, Қаныш Сәтбаев, Жұмабек Тәшенев және Мұқағали Мақатаев жайындағы телехикаялар эфирге шығады. Жаңа телехикаялар өндірісіндегі ең басты мақсат - көрермен сұранысына сай өнім өндіру. Сериалдар жобасына жарияланған байқау ашық түрді өткізілуде.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан»РТРК»АҚ басқарма төрайымы:
Бүгінге питчингке 21 компания қатысып жатыр. Олардың әрқайсысы бірнеше идеямен келген. Олардың ішінде тарихи ұсыныстар бар, тарихи тұлғаларға, тарихи оқиғаларға байланысты ұсыныстар бар. Әртүрлі қоғамдық мәселелер бойынша ұсыныстар бар. Детектив жанры, мелодрама бар. Біздің міндетіміз, солардың ішінен ең лайықты деген компанияны таңдап алу.


Хабарламаларға жазылу