Анкара Ресейден С- 400 зымыран кешенін тағы да сатып алуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкара Ресейден С- 400 зымыран кешенін тағы да сатып алуға ниетті

27.09.2021

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған АҚШ-тың қарсылығына қарамастан, Ресейден тағы да С-400 зымыран кешенін сатып алуға ниетті. Егер бұл жоспар жүзеге асатын болса, Вашингтон Анкараға санкция жариялауы мүмкін. Өйткені, Құрама Штаттар әкімшілігінің ойынша, Түркия НАТО-ның мүшесі бола тұра, сол альянстың қорғаныс жүйесі мен Американың F-35 соғыс ұшақтарына Ресейдің ракеталарымен қауіп төндірмек. Түрік үкіметі болса, НАТО-ның бірде-бір елінен мұндай кешенді сатып ала-алмағандықтан, Мәскеуге жүгінгенін мәлімдеп отыр.

Айта кетсек, АҚШ былтыр желтоқсанда Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі дирекциясының төрт мүшесін осы С-400-дің бірінші партиясын алғаны үшін санкциялық тізімге енгізген еді.


Хабарламаларға жазылу