АҚШ-тың қарсылығына қарамастан Түркияға Ресейден С-400 зымыран кешені жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың қарсылығына қарамастан Түркияға Ресейден С-400 зымыран кешені жеткізілді

28.08.2019

АҚШ-тың қарсылығына қарамастан, Түркия Ресейден екінші С-400 зымыран батареясын жеткізді. Осы елдің қорғаныс министрі Хулуси Акардың мәлімдеуінше, Анкара Ресейден бұл үлгідегі ракеталық кешенді қыркүйектің соңына дейін әкелуді тоқтатпайды.

Әуе қорғаныс жүйесінің бірінші партиясы Түркияға шілде айында жеткізілді. Президент Дональд Трамп әкімшілігінің айтуынша, С-400 жүйесі НАТО-ның талаптарына сәйкес келмегендіктен, Анкара одан бас тартуға тиіс.

Сонымен қатар өткен айда Құрама Штаттар Ресейден осы зымыранды сатып алғаны үшін Түркияны  F-35 әскери ұшақ жасау бағдарламасынан шығаруға кірісті.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу