Түркия Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алу туралы келісімге қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алу туралы келісімге қол қойылды

13.09.2017

Түркия Ресейден С-400 зымыран кешенін сатып алу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ел президенті Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Ресейден Путиннің көмекшісі Владимир Кожин де мәліметті растады. Деректерге қарғанда, бұл екі ел арасындағы қару-жарақ туралы ең ірі мәміле болып отыр. Зымыран үшін депозит те төленіп қойылған. Келісімге сәйкес, Түркия келесі жылы зымыранның екеуін сатып алады деп жоспарланды. Кожиннің сөзіне қарағанда, С-400 – бұл күрделі жүйелердің бірі, ол бірнеше техникалық құрал жиынтығын қажет етеді.

Айта кетейік, Түркия мен Ресей арасындағы бұл келісімге Пентагон алаңдаушылық білдіріп отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу