Қазақстанның вакциналау паспортын таныған елдердің тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның вакциналау паспортын таныған елдердің тізімі жарияланды

24.09.2021

Қазақстандық вакцина паспорты бірқатар мемлекеттердің аумағына кіруге жарамды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты. Яғни,  отандық екпені салдырған азаматтар енді Грузия, Түркия, Венгрия, Молдова, Монғолия, Қырғызстан мен Таиландқа ПТР тест тапсырмай-ақ саяхаттауға мүмкіндік алады.

Сонымен бірге Беларусь, Мысыр, Оман және Вьетнам елдері шетелдіктердің вакцина паспортын қабылдап, азаматтардың шекарадан өтуін жеңілдетті. Қазіргі таңда бұлардан бөлек тоғыз мемлекетпен вакцина құжатын өзара қабылдау бойынша келіссөздер жүріп жатыр.  

Хабарламаларға жазылу