Басты Жаңалықтар Енді әуежайда цифрлық құжат қолдануға болады

Енді әуежайда цифрлық құжат қолдануға болады

Енді аэропортта жеке мәліметіңізді растау үшін электрондық куәлікті көрсету жеткілікті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Түркістан және Шымкент қаласындағы әуежайда цифрлық құжат қолдануға болатынын хабарлады. Пилоттық тәртіпте іске қосылған қызметті тұрғындар Egov Mobile қосымшасы арқылы пайдалана алады.

Ақерке Бектас

Бөлісу