Көліктік бақылауды автоматтандыру мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктік бақылауды автоматтандыру мәселесі талқыланды

22.09.2021

Еліміздегі автожолдарда көліктердің салмағын және габариттік параметірін автоматты түрде өлшейтін станциялар орнатылады. Себебі жүкті шамадан тыс тиеп алатын көліктер жолды бұзып жатыр. Ал оларға тек айыппұл салудың тиімділігі аз дейді, сала мамандары. Мәжілісте көлік мәселелеріне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтіп, осы сұрақ кеңінен талқыланды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктік бақылауды автоматтандыру арқылы автожолдардың сапалы сақталуын көздейді. Жүргізуші мен көліктік бақылау инспекторы арасындағы байланысты үзіп, адами факторды жоймақ. Жоспар бойынша, авттоматты станциялар «Сергек» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу