Шекарадағы бақылау қызметі мен мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы бақылау қызметі мен мемлекеттік сатып алу саласында жемқорлық көп

12.12.2018

Сонымен қатар, Көліктік бақылау инспекторлары жиі назарға ілінеді. Мәселен, Инвестициялар және даму министрлігінде орын алған жемқорлықтың 90 пайызын көліктік инспекторлар жасаған. Бүгін Сенатта жемқорлықпен күресу мәселесі талқыланды. Мамандардың айтуынша, жемқорлықтың жолын кесу үшін электронды үкіметті дамытудың маңызы зор. Мәселен, бүгіннің өзінде мемлекеттік қызметтің 83 пайызы электронды форматта көрсетіледі. Ал, оның 63 пайызын онлайн режимде алуға болады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біз еліміздің өркендеуі үшін атсалысып, дамытқымыз келеді. Қаржы министрлігі, Семлекеттік кірістер комитеті қосымша қаржыны қайдан алсақ деп ойлайды. Ал, қаржы құмға сіңеді, не көлеңкелі экономикаға кетеді. Өз араларыңызда жемқорлықпен күресулеріңіз керек.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу