Қостанайда үйдің жертөлесінде жойқын жарылыс болды
Қостанайда жеке тұрғынүйдің жертөлесінде жарылыс болып үш адам зардап шекті.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, тұрғын үйдің жертөлесінде жөндеу жұмыстары жүрізілген. Жұмысшылар жылу ұстау үшін жертөле ішін құрылысқа арналған көбікпен көмкеріп жатқан. Қатты қысыммен сығымдалған бұл материалды жабық жерде көп пайдаланғанда кеңістікте жанғыш газ қоспасы пайда болады екен. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылардың бірі темекісін тұтатып төмен түскенде, жертөлеге әбден толып қалған осы қоспа жарылған. Жарылыстан зардап шеккен үш адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірін 90 пайыз, екіншісін 60 пайыз күйік шалған. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. Ал үшіншісінің бетін 2 дәрежелі күйік шалыпты. Алғашқы көмек көрсетілген соң ол өз өтінішімен үйіне жіберілген.
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында жаңа көпірдің арқасында қатынас жеңілдеді
05.11.2025, 21:12
Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
05.11.2025, 21:10
Сарапшы: С5+1 саммиті Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыруға жол ашады
05.11.2025, 21:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2025, 21:00
Ақтөбе облысында мал ұрлығы тыйылар емес
05.11.2025, 20:55
Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғандар айыппұл төледі
05.11.2025, 20:42
Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр
05.11.2025, 20:39
«Интер» - «Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
05.11.2025, 20:38