Маңғыстауда бүтін бір отбасының 5 адамы жол апатынан қаза тапты. Ал, кәмелет жасына толмаған 4 жеткіншек дене жарақаттарымен ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Оның ең кішісі- 1,5 жаста. Облыстық балалар ауруханасынан тілшіміз Аягөз Оралбайқызы баяндайды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайғылы оқиға Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 52-ші шақырымында кеше түнгі екілер шамасында болған. Lexus көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аударылып кеткен. Салдарынан 2 ер адам, 3 әйел адам қайтыс болды. Көлік жүргізушісі 27 жастағы қыз да оқиға орнында тіл тартпастан кетті. Сондай-ақ, қаза болғандардың арасында 31 жастағы жүкті әйел бар. Тағы 4 жасөспірім ауыр дене жарақатымен, Жетібай ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Балалардың ең кішісі 2 ге де толмаған. Түнде 8 жасар жеткіншекті Ақтау қаласындағы облыстық балалар ауруханасына әкелді. Басқа 3 бала да бүгін санавиациямен облыс орталығына жеткізілді.
Ербол Кенжевалов, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургі:
4-еуінде де бас-ми жарақаты, екеуінікі жағдайы ауыр. 2013-ші жылғы қыз ауырлау, ол аппаратта жатыр. Қазіргі таңда нейрохирургиялық отаны қажет етпейді. Консервативті ем жүріп жатыр, ауруханамызда дәрі-дәрмек бәрі бар.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы